-A A +A

Өтініштерді қарау жөнінде ақпарат

"Электрондық Үкімет" порталы арқылы электронды жолданым жіберу мүмкіндігі туралы ақпарат

«Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 Заңы бойынша, жеке және заңды тұлғалар жалпыға қолжетiмдi ақпараттық жүйелерді пайдаланып, Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы  заңнамасының талаптарына сәйкес, өтініштерді жеке электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдаланып, электрондық үкімет (link is external) порталы арқылы өтініштерді жазуға (білдіруге) болады.

2016 жылы жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен жолданымдар

Мемлекеттік қызметті мониторингтеу және ішкі әкімшілендіру департаменті 2016 жылы жеке және заңды тұлғалардың өкілдерінен келіп түскен өтініштерды қарап, талдау жасағанда, келесідей нәтежиелерді көруге болады.
Талданып отырған кезеңде Министрлікке 7378 (2015ж. осындай кезеңінде – 7908) өтініштер, оның ішінде электронды үкімет порталы арқылы 1234 (2015ж. – 1320) өтініш, 5683(2015ж. – 5918) жеке тұлғалардан,1694 (2015ж. – 1990) заңды тұлғалардың өкілдерінен келіп түскен өтініштер.
Есепті кезеңдегі 7378 өтініштердің 5559 – арыз, 1503- шағым және 302- сұрау болып табылады, бұл ретте 6554 (88%), (2015ж. – 7256) орыс тілінде, 824 (12%), (2015ж. – 652) мемлекеттік тілдегі өтініштер.
Басқа мемлекеттік органдардан, оның ішінде есепті кезеңде жоғары тұрған органдардан 1087 (2015ж.– 987) өтініштер түскен, ҚР Президент Әкімшілігінен- 520 (2015ж. – 445), ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесінен – 211 (2015ж. – 246), ҚР Парламентінен - 356 (2015г. – 296).
Жалпы келіп түскен өтініштердің 3798 немесе 51,4% Сот актілерін орындау департаменті, 2133 өтініштер немесе 28,9% - Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті, 416 немесе 5,6% - Зияткерлік меншік құқығы департаментінің қызметтеріне тиесілі.
Талдау барысында келіп түскен жазбаша өтініштердің, көбінесе өтініш берушілер сот шешімдерін орындамау мәселелері бойынша, соның ішінде алимент өндіріп алу туралы, борышкерлердің тізілімінен алып тастау, заңды тұлғаларды және жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, сондай-ақ әділет органдары қызметкерлерінің іс-әрекеттері мен әрекетсіздігіне шағымдарымен жүгінген.
Бұдан басқа жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін талданып отырған кезеңде қайтадан 1028 қайталама өтініштердің Министрлікке түсу фактілері орын алған.
Қайталанған өтініш себептері негізінде өтініштер авторларының бастапқы жауаппен келіспеушіліктері, сондай-ақ пошта арқылы жіберілетін жазбаша жауапты уақтылы алмау болып табылады
Сонымен қатар, есепті кезеңде жекелеген бөлімшелердің тарапынан 31 орындаушылық тәртіпті бұзу фактілері орын алды (САОД - 15, ЗМҚ – 5, ТҚжәнеЗҚҰД - 7, СҚҰД - 3, НҚАТД-1).
Нәтижелері бойынша енгізген қызметтік жазбаларға сәйкес, Министрліктің Регламентіне сәйкес, өтініштерді қарау мерзімін бұзғаны үшін 31 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Өтініштерді қарау нәтижиесі бойынша қабылданған шешімдерге шағым беру тәртібі

«Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 12-бабына сәйкес лауазымды тұлғалардың iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне), сондай-ақ субъектiнiң шешiмдерiне бағыныстылық тәртiбiмен жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе субъектiге, жеке немесе заңды тұлғаға тиiстi субъектiнiң немесе заңды тұлғаның iс-әрекет жасағаны не шешiм қабылдағаны туралы белгiлi болған кезден бастап, үш айдан кешiктiрiлмей шағым берiледi.

Шағым беру мерзiмiнiң өтiп кетуi субъектi немесе заңды тұлға үшiн шағымды қараудан бас тартуға негiз болып табылмайды. Шағым беру мерзiмiнiң өтiп кету себептерi шағымды мәнi бойынша қарау кезiнде анықталады және шағымды қанағаттандырудан бас тартуға негiздердiң бiрi болып шығуы мүмкін.

Жоғары тұрған лауазымды тұлға немесе субъект болмаған не арыз берушi қабылданған шешiммен келiспеген жағдайда арыз тiкелей сотқа берiледi.

Заңның 7-бабының 3-тармағына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiмен жұмысты ұйымдастырудың, қабылдаудың, тiркеудiң және есепке алудың жай-күйi үшiн субъектiлердiң басшылары мен лауазымды тұлғалар дербес жауаптылықта болады.

 
Абдыкеримова Жанар Абдыкерымқызы - Құжаттамалық қамтамасыз ету басқарма басшысы. Тел.: 74-07-97

"Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 
      "Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.
       Қазақстан Республикасының 
      Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы
Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау 
тәртiбi туралы