-A A +A

Жаңалықтар

Жуалы аудандық Әділет басқармасы халықпен кездесу өткізді

2018 жылдың 22 қантарда Жуалы аудандық Әділет басқармасы «Нұр Отан» партиясы ғимратында «Әділет кеңес береді» акциясы аясында адвокат, нотариус, сот орындаушылардың қатысумен халықпен кездесу өткізді.

Т.Рысқұлов аудандық Әділет басқармасы халықпен кездесу өткізді

2018 жылдың 22 қаңтарында Т.Рысқұлов аудандық Әділет басқармасы Қазақстан Республикасы Президентінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын насихаттау мақсатында Халыққа қызмет көрсету орталығында халықпен кездесу өткізді.

Жамбыл облысы Әділет департаменті зияткерлік меншік құқықтарын қорғау бойынша кездесу өткізді

2018 жылдың 19 қаңтарында Жамбыл облысы Әділет департаменті «Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және контрафактпен күрес» тақырыбында Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер, Ішкі істер департаменттері, «Атамекен» Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасы және бизнес субъектілері өкілдерінің қатысуымен кездесу өткізді.

Байзақ аудандық Әділет басқармасы Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын түсіндіру бойынша семинар өткізді

2018 жылдың 19 қаңтарында Байзақ аудандық Әділет басқармасы, Бәйтерек және Көктал ауылдық округтерінің әкімдерінің, адвокаттың, нотариус және Байзақ ауданы Халыққа қызмет көрсету орталығы өкілінің қатысуымен, Қазақстан Республикасы Президентінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын түсіндіру бойынша семинар өткізді.

Жамбыл облысы Әділет департаментімен «Әділет кеңес береді» атты республикалық акциясы өткізілді

 

2018 жылдың 19 қаңтарында Жамбыл облысы Әділет департаменті, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының, Тараз қалалық әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің қызметкерлерінен, нотариустар, адвокаттар және сот орындаушылардан құралған топ «Әділет кеңес береді» атты республикалық акциясының шеңберінде құқықтық кеңес берді.

Мойынқұм аудандық Әділет басқармасы мемлекет Басшысының Жолдауын түсіндіру мақсатында дөңгелек үстел өткізді

2018 жылдың 18 қаңтарында Мойынқұм аудандық Әділет басқармасы Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа Жолдауын насихаттау және түсіндіру мақсатында дөңгелек үстел отырысын өткізді.

Сарысу аудандық Әділет басқармасы «Заңнаманың даулы мәселелерін шешуде тиімділігінің көрсеткіші» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді

2018 жылдың 18 қаңтарында Сарысу аудандық Әділет басқармасы медиатор, «Казфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қызметкерлерінің қатысуымен «Заңнаманың даулы мәселелерін шешуде тиімділігінің көрсеткіші» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Меркі аудандық Әділет басқармасы Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын түсіндіру бойынша семинар өткізді

2018 жылдың 18 қаңтарында Меркі аудандық Әділет басқармасы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру мақсатында, жұмыспен қамтамасыз ету орталығы, мемлекеттік органдар қызметкерлерінің және Жамбыл ауылдық округі тұрғындарының қатысуымен семинар өткізді.

Тараз қалалық Әділет басқармасы «Даулы мәселе шешудегі заңнаманың тиімділігі» атты тақырыпта кездесу өткізді

2018 жылдың 18 қаңтарында Тараз қалалық Әділет басқармасы «Мергенбай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің еңбек ұжымымен «Даулы мәселе шешудегі заңнаманың тиімділігі» атты тақырыпта кездесу өткізді.

Жамбыл облысы Әділет департаменті салтанатты түрде туу туралы куәлік тапсыру іс-шарасы өткізді

«Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясымен тууды тіркеу бойынша проактив форматында қызмет көрсету пилоттық жобасы енгізілген, туу туралы куәлігін алу процессі SMS-хабарлама арқылы жеделдетілген.

Қордай аудандық Әділет басқармасы Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын түсіндіру бойынша дөңгелек үстел өткізді

2018 жылдың 17 қаңтарында Қордай аудандық Әділет басқармасы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бойынша үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізді.

Жамбыл облысы Әділет департаменті мемлекет Басшысының жолдауын түсіндіру бойынша кездесу өткізді

2018 жылдың 17 қаңтарында Жамбыл облысы Әділет департаментінің ұйымдастыру-талдау жұмысы бөлімінің бас маманы К.А.Байхожамен «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» Акционерлік қоғамының Жамбыл облыстық филиалының қызметкерлерімен кездесу өткізілді.

Талас аудандық Әділет басқармасы «Авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді

2018 жылдың 16 қаңтарында Талас аудандық Әділет басқармасы, Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекелестікке қабілеттілік индексінің көрсеткіштерін жақсатру мақсатында, «Авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу» тақырыбында қоғамдық бірлестіктер, кәсіпкерлер, кәсіпкерлік палата өкілдерінің қатысуымен «Нұр Отан» партиясының ғимаратында дөңгелек үстел өткізді.

Т.Рысқұлов аудандық Әділет басқармасы «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу» тақырыбында семинар өткізді

2018 жылдың 16 қаңтарында Т.Рысқұлов аудандық Әділет басқармасы «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу» тақырыбында КЕ АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті қызметкерлерінің қатысуымен семинар өткізді.

Беттер