-A A +A

«2017-2022 жылдарға арналған құқықтық сауаттандыру саласын жетілдіру жөніндегі Тұжырымдама туралы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

2018 жылдың 4 қаңтарында Сарысу аудандық Әділет басқармасы «2017-2022 жылдарға арналған құқықтық сауаттандыру саласын жетілдіру жөніндегі Тұжырымдама туралы» тақырыбында адвокаттар, медиаторлар және жеке нотариустардың қатысуымен дөңгелек үстел өткізді.

Тұжырымдаманың мақсаты – құқықтық мінез-құлықпен және азаматтық белсенділікпен ерекшеленетін қоғамның және азаматтардың құқықытық мәдениетінің деңгейін арттыру, заматтарды қолданыстағы құқық, адам мен азаматтың құқықтары, бостандықтары және міндеттері туралы біліммен қамтамасыз ету.

Іс-шара барысында басқарма басшысы баяндама жасап, Тұжырымдама азаматтарды құқықтық ағартудың және қоғамның құқықтық мәдениетінің тиімді моделінің әлемдәк стандарттарына негізделген Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымдары елдерінің озық тәжірибесін ескере отырып әзірленгендігін, сонымен қатар құқықтық ағарту негізгі мақсаттарға қол жеткізуді болжайтындығы туралы айтып өтті.

 

 

Жамбыл облысы

Әділет департаментінің

Баспасөз қызметі