-A A +A

Астана күніне арналған салтанатты жиын өткізілді

2017 жылдың 5 шілдесінде Жамбыл облысы Әділет департаментінде Астана күніне арналған салтанатты жиын өткізілді.

Жиын барысында Республикамыздың Астана күніне орай «Еңселі Елорда, асқақтаған Астана» атты тақырыбы бойынша баяндама жасалынып, бейнебаян көрінісі көрсетілді.

Сонымен қатар, атаулы күнге орай әділет органдарының дамуына қосқан үлесі және мүлтіксіз қызметі үшін Әділет департаменті басшысының алғыс хаттары ұсынылды.

 

 

Жамбыл облысы

Әділет департаментінің

Баспасөз қызметі