-A A +A

Байзақ аудандық Әділет басқармасы азаматтарды қабылдау өткізді

2017 жылдың 28 желтоқсанында Байзақ аудандық Әділет басқармасы, Қазақстан заңгерлер одағы мүшелерінің бірлесіп, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «КЕ АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалы - «ХҚКО» Департаментінің Байзақ аудандық бөлімі, мемлекеттік кірістер басқармасы қызметкерлерінің, аудандық аудандық ауруханасы заңгерлерінің, жеке нотариустардың және сот орындаушылардың қатысуымен, «Әділет кеңес береді» акциясы аясында азаматтарды қабылдау өткізді.

Аталған іс-шараның мақсаты – міндетті медициналық сақтандыру және медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Іс-шара қорытындысы бойынша, кездесу қатысушылары қойылған барлық сұрақтарға нақты жауаптар беріп, жадынамалар таратты.

 

 

Жамбыл облысы

Әділет департаментінің

Баспасөз қызметі