-A A +A

Байзақ аудандық Әділет басқармасы «Заңды тұлғаларды тіркеу, қайта тіркеу» тақырыбында семинар өткізді

2017 жылдың 5 желтоқсанында Байзақ аудандық Әділет басқармасы аудан кәсіпкерлерімен «Заңды тұлғаларды тіркеу, қайта тіркеу» тақырыбында семинар өткізді.

Аталған іс-шараның мақсаты – кәсіпкерлер арасында заңды тұлғаларды тіркеу саласындағы мемлекеттік қызметтер бойынша құқық түсіндіру жұмысын жүргізу болып табылды.

Әділет басқарманың мамандарымен заңды тұлғаны тіркеу, қайта тіркеу тәртібі, мемлекеттік көрстетілетін қызметтер және Электронды үкімет порталы арқылы шағын кәсіпкерлік субъектісін тіркеу тәртібі туралы түсіндірілді. Семинарға қатысушылар барлық сұрақтарына толық жауаптарын алып, өз ой пікірлерімен алмасты.

 

 

Жамбыл облысы

Әділет департаментінің

Баспасөз қызметі