-A A +A

Байзақ аудандық Әділет басқармасы жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу кезінде құжаттарды қабылдауға қатысты сұрақтар бойынша семинар-кеңес өткізді

2018 жылдың 8 қаңтарында Байзақ аудандық Әділет басқармасы «Азаматтарға  арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» филиалы қызметкерлерінің қатысуымен жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу кезінде құжаттарды қабылдауға қатысты сұрақтар бойынша семинар-кеңес өткізді.

Семинардың мақсаты – жылжымайтын мүлікке құықықтарды тіркеуден бас тартуларды азайту.

Семинар барысында жылжымайтын мүлік құқықтарын тіркеу туралы заңнаманың негізгі ережелері, оның ішінде мемлекеттік тіркеуден бас тартуға негіздемелер түсіндірілді.

Отырыстың қорытындысы бойынша, мемлекеттік қызметтерді көрсетуге арналған құжаттарды қабылдау кезінде, мемлекеттік қызметтерді көрсету стандарттарын басшылыққа ала отырып, оларды ұсыну тәртібі туралы ақпарат алмасу туралы шешім қабылданды.

 

 

Жамбыл облысы

Әділет департаментінің

Баспасөз қызметі