-A A +A

Байзақ аудандық Әділет басқармасында «Электронды тіркеу» тақырыбында семинар өткізілді

             2017 жылдың 3 шілдесінде Байзақ аудандық Әділет басқармасы басшысының  төрағалығымен Жылжымайтын мүлікке электронды тіркеу сұрақтарын талқылау, тіркеуден бас тарту санын азайту, сондай ақ мемлекеттік қызмет сапасын жоғарылату мақсатында аудандық нотариустармен «Электронды тіркеу» атты тақырыбында семинар кеңес өткізді.

            Сонымен қатар, өткізілген іс-шара барысында жылжымайтын  мүлікке құқықтарды тіркеу саласы бойынша сатып алу-сату келісім шартын электронды түрде тіркеу тәртібі, мұрағаттыққа қалдыру тәртібі және Әділет басқармасының негізгі жұмысына байланысты сұрақтар талқыланды.

 

Жамбыл облысы

Әділет департаментінің

Баспасөз қызметі