-A A +A

«Даулы мәселелерді шешудегі заңнаманың тиімділігі» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді

2017 жылдың 12 шілдесінде Тараз қалалық Әділет басқармасымен, Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі көрсеткіштерін жақсарту мақсатында, Тараз қаласындағы «Hyundai wacortec life» ЖШС филиалының қызметкерлері арасында «Даулы мәселелерді шешудегі заңнаманың тиімділігі» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.

Аталған шара барысында құқық нормалары бойынша түсініктемелер мен кеңестер беріліп, жылжымайтын мүлік құқығын тіркеу жайлы, жылжымайтын мүлік құқығын уақытында тіркеу, сондай-ақ өткізіліп жатқан мүлікті жария ету жайлы ақпарат жеткізілді.

Кездесу соңында қатысушылар құқық саласы бойынша көптеген сұрақтарына жауап алғаны үшін Тараз қалалық Әділет басқармасына көрсетілген ақпараттық жаңалықтар үшін ризашылықтарын білдірді.

 

 

Жамбыл облысы

Әділет департаментінің

Баспасөз қызметі