-A A +A

Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У

Жамбыл облысы Әділет департаменті (әрі қарай-Департамент) жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды  атестаттау бойынша хабарламасы 2017 жылдың 12 шілде айынан бастап  жарияланды.

 Аттестатау бойынша хабарландыру Департаменттің http://www.zhmb.adilet.gov.kz/ru интернет-ресурсында жарияланған.

Өтініштер 2017 жылдың 11 тамызына дейін қабылданады.

Атестаттаудың қарауына ұсынылатын құжаттардың тізбесі:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жеке сот орындаушысының қызметімен айналысу үшін аттестаттаудан өтуге жіберу туралы өтініш;

2) жеке куәлігі және жеке тұлға өкілінің өкілеттігін растайтын  құжат (сәйкестендіру үшін);

3) мынадай ақпараты бар осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартының 3-қосымшасына сәйкес мәліметтер нысаны;

дипломыныѕ бар екендігі туралы;

тағылымдамадан өткендігі туралы;

 4) наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден үмiткердiң тұрғылықты жерi бойынша, оларды ұсынғанға дейін бір айдан аспайтын мерзімде берiлген анықтамалар.

  Порталға:

 1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес электрондық құжат нысаны бойынша жеке сот орындаушысының қызметімен айналысу үшін аттестаттаудан өтуге жіберу туралы өтініш;

 2) мынадай ақпараты бар осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартының 3-қосымшасына сәйкес мәліметтер нысанының электрондық көшірмесі;

дипломыныѕ бар екендігі туралы;

тағылымдамадан өткендігі туралы;

3) наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден үмiткердiң тұрғылықты жерi бойынша, оларды ұсынғанға дейін бір айдан аспайтын мерзімде берiлген анықтамалардың электрондық көшірмесі.

Аттестация өткізілетін орны: Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Қолбасшы Қойкелді көшесі, 158 «а».

Қосымша ақпаратты Тараз қаласы, Төле би даңғылы 55 мекен-жайында  орналасқан Жамбыл облысы Әділет департаментінің ғимаратының  «Жеке сот орындаушылар жұмысын ұйымдастыру» бөлімі немесе 8 (7262) 56-99-68 телефоны арқылы алуға болады.