-A A +A

Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У

Жамбыл облысы Әділет департаменті (әрі қарай-Департамент) жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды  атестаттау бойынша хабарламасы 2017 жылдың 06 қараша айынан бастап  жарияланды.

Өтініштер 2017 жылдың 05 желтоқсанына дейін қабылданады.

Атестаттаудың қарауына ұсынылатын құжаттардың тізбесі:

  1. Өтініш (1- қосымшаға сәйкес);
  2. Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландандыратын құжаттың көшірмесі (сәйкестендіру үшін);
  3. Тағлымдамадан өту нәтижесі туралы қорытындының көшірмесі;
  4. Уәкілетті органға ұсынылғанға дейін наркологиялық және психиатриялық ұйымынан берілген медициналық анықтамалар (1 ай мерзімі өтпеген);
  5. Жеке сот орындаушысының тағылымдамасынан өткендігі туралы қорытындынды;

Порталға:

  1.        Электрондық құжат нысанындағы өтініш (1-қосымшаға сәйкес);
  2.        Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландандыратын құжаттың көшірмесі (сәйкестендіру үшін);
  3.         Жоғары заңгерлік білімі туралы дипломның электрондық көшірмесі                қосымшасымен;
  4.        Тағлымдамадан өтуінің нәтижесі туралы қорытындының электрондық көшірмесі (жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы растаған);
  5.        Уәкілетті органға ұсынылғанға дейін наркологиялық және психиатриялық ұйымынан берілген медициналық анықтамалардың электрондық көшірмесі (1 ай мерзімі өтпеген).

Аттестация өткізілетін орны: Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Қолбасшы Қойкелді көшесі, 158 «а».

Қосымша ақпаратты Тараз қаласы, Төле би даңғылы 55 мекен-жайында  орналасқан Жамбыл облысы Әділет департаментінің ғимаратының  «Жеке сот орындаушылар жұмысын ұйымдастыру» бөлімі немесе 8 (7262) 56-99-68 телефоны арқылы алуға болады.