-A A +A

«Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметінің» Заң жобасын талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізді

2018 жылдың 11 қаңтарында Сарысу аудандық Әділет басқармасы «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Заң жобасын талқылау бойынша аудандық сотының судьясы, жеке нотариустар, бағалаушылар, «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық кеңесінің төрағасы, мемлекеттік сот орындаушының қатысуымен дөңгелек үстел өткізді.

«Бағалау қызметі туралы» Заң жобасының негізгі мақсатын басқарма басшысы түсіндіріп өтті. Заң жобасы бағалау қызметтік саласын  халықаралық стандарттарды енгізуге, мемлекеттік жүйесін реттеу, өзін-өзі бағалау қызметін  жетілдіруге бағытталған.

Сонымен қатар, басқарманың бас маманы өзінің баяндамасында Жобада бағалаушылардың лицензиялық рәсімдерін оңайлату, жою және қысқарту шеңберінде - жеке тұлғалардың лицензиялау күшінің жоюына орай, бағалаушылардың  кәсіби білімі мен деңгейін анықтау, бағалаушылардың сертификаттық шараларын енгізу   мақсаты көзделуде. Болжам бойынша, бұл сертификаттау кіріспесі, халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес сапасын бағалап, бағалаушылардың біліктілігін арттыруы тиіс екендігін атап өтті.

 

 

Жамбыл облысы

Әділет департаментінің

Баспасөз қызметі