-A A +A

Қордай аудандық Әділет басқармасы Мемлекет басшысы мақаласының негізгі қағидаларын түсіндіру шарасын өткізді

2018 жылдың 5 қаңтарында Қордай аудандық Әділет басқармасы аудан тұрғындары мен аудандық атқарушы органдары өкілдерінің қатысуымен Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының негізгі қағидаларын түсіндіру шарасын өткізді.

Іс-шара өткізу барысында Әділет басқармасының басшысы аталған тақырып төңірегіндегі баяндама жасап, ол құжаттың негізгі қағидаларына тоқталып, жаңа рудың екі маңызды үрдісіне – саяси реформа және экономиканы модернизациялауға жол ашылғаны туралы айтып өтті.

Елбасымыздың мақала сында атап көрсетілген мәселелерді негізге ала отырып, басқарманың басшысы қазақ тілінен латын әліпбиіне көшу туралы халықтың арасында насихаттау, түсіндіру, жұмыстарын жүзеге асыру қажет екендігін айтып өтті.

 

 

Жамбыл облысы

Әділет департаментінің

Баспасөз қызметі