-A A +A

Меркі аудандық Әділет басқармасы ашық есік күнін өткізді

2017 жылдың 2 қарашасында Меркі ауданы Кеңес ауылдық округі мектебі ғимаратында Мемлекет Басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын түсіндіру мақсатында ашық есік күні өткізілді.

Аталған кездесудің мақсаты – азаматтардың құқық қорғау органдарына сенімін арттыру мақсатында, тұрғындар арасында уақытылы әрі дұрыс шешім қабылдауға септігін тигізетін, кері байланыстың тиімді құралы, ақпарат алудың сапалы арнасы болып табылатын құқықтық көмек және ақыл-кеңес беру болып табылады.

Акцияны өткізу барысында азаматтарға жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласы мен заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу кезінде кездесетін сұрақтарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Кеңес алу үшін 20-дан астам жергілікті тұрғындар қайырылды. Оларға мамандармен қойған сұрақтарына толыққанды және білікті заң көмегі берілді.

 

 

Жамбыл облысы

Әділет департаментінің

Баспасөз қызметі