-A A +A

Меркі ауданында азаматтармен кездесу өткізілді

2017 жылдың 4 шілдесінде Меркі аудандық Әділет басқармасы, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы қызметкерлерінің қатысуымен тұрғындар арасында «Әділет кеңес береді» акциясы өткізілді.

Аталған кездесудің мақсаты – азаматтардың мемлекеттік органдарына сенімін арттыру мақсатында, тұрғындар арасында уақытылы әрі дұрыс шешім қабылдауға септігін тигізетін, кері байланыстың тиімді құралы, ақпарат алудың сапалы арнасы болып табылатын құқықтық көмек және ақыл-кеңес беру болып табылады.

Акцияны өткізу барысында азаматтарға жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласы мен заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу кезінде кездесетін сұрақтарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Кеңес алу үшін 10-нан астам жергілікті тұрғындар қайырылды. Оларға мамандармен қойған сұрақтарына толыққанды және білікті заң көмегі берілді.

 

 

Жамбыл облысы

Әділет департаментінің

Баспасөз қызметі