-A A +A

Мойынқұм аудандық Әділет басқармасы «Сыбайлас жемқорлық өзекті мәселе» атты тақырыпта дөңгелек үстел отырысын өткізді

2017 жылдың 30 қазанында Мойынқұм аудандық Әділет басқармасы «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалымен бірлесіп «Сыбайлас жемқорлық өзекті мәселе» атты тақырыпта дөңгелек үстел отырысын өткізді.

Отырысқа мемлекеттік мекеме, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, қоғамдық ұйым және саяси партияларының өкілдері қатысты.

Іс-шара мақсаты мемлеттік қызметкерлер арасында жемқорлық көріністердің алдын алу, ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына түсіндірме жұмыстарын жүргізу.

Сондай-ақ, жемқорлыққа қарсы жұмыстарды жетілдіріп, керексіз қағазбастылық пен құжатайналымы үрдісін азайту секілді нақты тапсырмалар да назардан тыс қалмады.