-A A +A

Нотариаттық іс-әрекеттер жасауға уәкілетті лауазымды тұлғалар арасында оқыту семинар өткізілді

2017 жылдың 13 шілдесінде Жамбыл облысы Әділет департаментінде Жамбыл облысының нотариаттық іс-әрекеттер жасауға уәкілетті лауазымды тұлғалараның қатысуымен оқыту семинары өткізілді.

Аталған іс-шараның мақсаты – заң талаптарын мүлтіксіз орындау, лауазымды тұлғалардың кәсіби деңгейін көтеру.

Семинар барысында «Өсиеттер мен сенімхаттарды куәландыру», «Құжаттар көшірмелерінің және олардан алынған үзінділердің дұрыстығын куәландыру», «Өтініштерге қойылған қолдың түпнұсқалығын куәландыру» тақырыптарында баяндамалар тыңдалды.

 

 

Жамбыл облысы

Әділет департаментінің

Баспасөз қызметі