-A A +A

Сарысу аудандық Әділет басқармасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізді

2017 жылдың 31 қазанында Сарысу аудандық Әділет басқармасы аудан нотариустары, мемлекеттік сот орындаушы, халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы, БАҚ өкілі қатысуымен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізді.

Кездесу барысында Әділет басқармасының басшысы «Рухани даму – мықты мемлекет құрудың кепілі» тақырыбында баяндама жасап, ұлттық құндылықтар, тіл мен дәстүр, мәдениет арқылы жас ұрпақтың сана-сезімін жаңғыртудың маңыздылығын атап өтті.

Іс-шара соңында, дөңгелек - үстелге қатысушылар айтылған ұсыныстар мен бастамаларға қолдау көрсетіп, орындауға кірісетіндерін жеткізді.

 

 

Жамбыл облысы

Әділет департаментінің

Баспасөз қызметі