-A A +A

Сарысу аудандық Әділет басқармасымен «дөңгелек үстел» өткізілді

        

             2017 жылдың 30 маусымында

  Сарысу аудандық Әділет басқармасының ұйымдастыруымен «Саламат и АЕС» ЖШС қызметкерлері және  жеке сот орындаушының қатысуымен «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы», «Тыйым салынған мүлікті, оның ішінде электрондық аукцион нысанындағы сауда саттықта өткізу қағидаларын бекіту»  бойынша  дөңгелек үстел өткізілді. Аталған іс-шараның мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру.

Дөңгелек үстел барысында «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту», «Тыйым салынған мүлікті, оның ішінде электрондық аукцион нысанындағы сауда саттықта өткізу қағидаларын бекіту»   Қазақстан Республикасының Әділет министрінің бұйрықтарына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы толықтай түсіндірме жұмысы жүргізіліп, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылдың 31 қаңтарындағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауына атап өткен бағыттары және Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі туралы айтылып өтті.

 Дөңгелек үстелде қатысушылардың пікірлері тыңдалып, Әділет басқармасының басшысы А.Борчашвили  қорытындылады.

 

Жамбыл облысы

Әділет департаментінің

Баспасөз қызметі