-A A +A

Сарысу ауданы Әділет басқармасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» заң жобасын талқылау бойынша дөңгелек үстел отырысын өткізді

2017 жылдың 1 қарашасында Сарысу ауданы Әділет басқармасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» заң жобасын талқылау бойынша дөңгелек үстел отырысын өткізді.

Іс-шараға жеке кәсіпкерлік палата өкілдері, «Тазалық-Жаңатас» және «Алтын-Орда 2006» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің заңгерлері, нотариустар қатысты.

Іс-шара өткізу барсынында Әділет басқармасының басшысы баяндама жасап, заң жобасы азаматтарды қолжетімді және сапалы заңгерлік көмекпен қамтамасыз ететіндігін айтып өтті.

«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» заң жобасы адвокатура және жеке тәжірибемен айналысатын заңгерлердің қызметтрін оңтайландыруды көздейді. Ол заңгерлік көмегінің қолжетімділігін және сапасының жоғарлауын, ауылдық және қалалық жерлеріндегі адвокаттардың қызметімен қамтамасыз етілуінің және тағы басқа орын алып отырған бір қатар мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.

 

 

Жамбыл облысы

Әділет департаментінің

Баспасөз қызметі