-A A +A

Талас аудандық Әділет басқармасы бизнес құрылым өкілдерімен кездесу өткізді

2018 жылдың 11 қаңтарында Талас аудандық Әділет басқармасы, Қазақстанның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің көрсеткіштерін жақсартуына бағытталған іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында, ауданның бизнес құрылым өкілдерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Әділет басқармасының бас маманы Елбасының Қазақстанның 30 елдердің ішіне кіруге қойылған мақсаты туралы, Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің көрсеткіштерін жақсарту және жетістіктері туралы баяндама жасады.

Сондай-ақ, «Меншік құқығы», «Әкімшілік реттеуді дауласу кезіндегі заңның тиімділігі», «Дауласу мәселелерді шешу кезінде заңның тиімділігі», «Зияткерлік меншік құқықын қорғау» негізгі индикаторлары талқыланды.

 

 

Жамбыл облысы

Әділет департаментінің

Баспасөз қызметі