-A A +A

Талас аудандық Әділет басқармасы «Әділет кеңес береді» акциясын өткізді

2017 жылдың 26 желтоқсанында Талас аудандық Әділет басқармасы нотариустар, мемлекеттік және жеке сот орындаушылардың қатысуымен  «Әділет кеңес береді» акциясын өткізді.

Акцияның мақсаты – тұрғындардың азаматтық сана-сезімі мен құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтарға кәсіби құқықтық көмек көрсету.

Іс-шара барысында тұрғындар тарапынан көбіне алимент төлемдерін борышерлерден өндіру мәселелері көтерілді, тұрғындардың қойылған сұрақтарына мамандар тарапынан қолданыстағы заңнамаларға сәйкес түсіндірмелер берілді.

 

 

Жамбыл облысы

Әділет департаментінің

Баспасөз қызметі