-A A +A

Талас аудандық Әділет басқармасы Қаратау қаласының жеке кәсіпкерлерімен кездесу өткізді

2017 жылдың 6 желтоқсанында Қаратау қаласы «Арнұр» сауда орталығында Талас аудандық Әділет басқармасы, Қазақстан заңгерлер одағының мүшелерімен бірлесіп, Қаратау қаласының жеке кәсіпкерлерінің қатысуымен кездесу өткізді.

Іс-шараны өткізу барысында жеке кәсіпкерлерге Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің көрсеткіштерін жақсарту сұрақтары, жылжымайтын мүлік құқығын электрондық түрде тіркеу, заңды тұлғаларды электрондық түрде тіркеу, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды еңгізу туралы түсіндірілді.

 

 

Жамбыл облысы

Әділет департаментінің

Баспасөз қызметі