-A A +A

Талас аудандық Әділет басқармасы «Заңды тұлғаларды тіркеу, қайта тіркеу» тақырыбында семинар өткізді

2017 жылдың 7 қарашасында Талас аудандық Әділет басқармасы аудандық кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері мен аудан кәсіпкерлерінің қатысуымен «Заңды тұлғаларды тіркеу, қайта тіркеу» тақырыбында семинар өткізді.

Бұл іс-шараның мақсаты – кәсіпкерлер арасында заңды тұлғаларды тіркеу саласындағы мемлекеттік қызметтер бойынша құқық түсіндіру жұмысын жүргізу болып табылады.

Әділет басқарманың мамандары заңды тұлғаны тіркеу, қайта тіркеу тәртібі, мемлекеттік көрстетілетін қызметтер және Электронды үкімет порталы арқылы шағын кәсіпкерлік субъектісін тіркеу тәртібі туралы түсіндірді.

Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар барлық сұрақтарына толық жауаптарын алып, өз ой пікірлерін айтты.

 

 

Жамбыл облысы

Әділет департаментінің

Баспасөз қызметі