-A A +A

Талас аудандық Әділет басқармасымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында жиналыс өткізілді

2017 жылдың 30 қазанында Талас ауданы Ойық ауылдық округінің Д.А.Қонаев атындағы орта мектептің мәжіліс залында ауыл тұрғындарының арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында жиналыс өткізілді.

Жиналыстың мақсаты – құқықтық мәдениеттi қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті насихаттау, мемелекеттік органдардың қызметтік процессінің барысында сыбайлас жемқорлыққа мүмкіндік туғызатын жағдайлар мен факторларды болдырмау.

Іс-шара барысында қатысушылар бүгінгі күнде сыбайлас жемқорлықпен күресудің тиімді әдісі ретінде мемелекеттік органдар өкілдерінің белсенді позициясы екенін атап өтті, ол дегеніміз жемқорлыққа жол беретін қылмыстық фактлерге көз жұмбай, қалыс қалмау икемділігі мен тілегін білдіру және кез келген жемқорлық  әрекеттеріне  жол  бермеу  болып табылады.

 

 

Жамбыл облысы

Әділет департаментінің

Баспасөз қызметі