-A A +A

Тараз қалалық Әділет басқармасы «Ашық есік күні» акцияларын өткізді

2017 жылдың 21 желтоқсанынан бастап 27 желтоқсанына дейін Тараз қалалық Әділет басқармасы «Ашық есік күні» акцияларын ұйымдастырды. Құқықтық көмек көрсетуді Әділет басқармасының басшылығы мен қызметкерлері, ювеналды консультацияның адвокаттары, Жамбыл облысы нотариаттық палатасының нотариустары жүргізді. Сонымен қатар осы күндері Тараз қалалық Нұр Отан партиясымен бірлесіп әділет кеңес береді акциясын халыққа көмек көрсету орталықтарында ұйымдастырылды.

Азаматтар зияткерлік меншікті қорғау, жылжымайтын мұлікке қатысты жоғалтып алған құжаттарды қалпына кетіру, мұрагерлікті қабылдау деген сұрақтарға тегін заңгрлік көмек алды.

Акциялардың нәтижесі бойынша 40-тан астам азаматтар көкейінде жүрген сұрақтарға жауаптар алды.

 

 

Жамбыл облысы

Әділет департаментінің

Баспасөз қызметі