-A A +A

Тараз қалалық Әділет басқармасы «Меншік құқығы» тақырыбында кездесу өткізді

2018 жылдың 10 қаңтарында Тараз қалалық Әділет басқармасы қалалық әкімдіктің Жер қатынастары департаменті қызметкерлерінің қатысуымен «Меншік құқығы» тақырыбында кездесу өткізді.

Іс-шара барысында басқарма қызметкерлері Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекелестікке қабілеттілік индексінің қөрсеткіштерін күшейту мәселесі туралы айтып, бәсекелестік деңгейі қаншалықты жоғары болса, соншалықты мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық бағыты дамитиндығы туралы атап өтті.

Кездесу барысында Қазақстан Републикасының Заңнамаларына сәйкес, меншік құқықтарын тіркеумен және жылжымайтын мүлік объектілеріне мұраны қабылдау барысында туындайтын мәселелері талқыланып, түсіндіріліп өтті. Сонымен қатар, кездесуден соң қатысушыларға «Жолкөрсеткіш және құқық» бойынша жасалған жадынамалар таратылды.

 

 

Жамбыл облысы

Әділет департаментінің

Баспасөз қызметі