-A A +A

Тараз қалалық Әділет басқармасы зияткерлік меншік құқығын қорғау сұрақтары бойынша дөңгелек үстел өткізді

2018 жылдың 12 қаңтарында Тараз қалалық Әділет басқармасы «Зенит ТВК» ЖШС-де зияткерлік меншік құқығын қорғау сұрақтары бойынша дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шара барысында бөтен тауар белгілерін, қызмет көрсету белгілері, тауарлардың шығарылған жер атауын, заңсыз пайдаланғандар осы бағытта Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік туралы сұрақтар талқыланды.

Кездесу соныңда Әділет басқармасының бас маманы азаматтармен жасалған туындылар, әрбір объект қоғам үшін құндылықты екені және заңмен қорғалатыны туралы айтып өтті.

Кездесудің қорытындысы бойынша зияткерлік меншік құқығын қорғау және тіркеу бойынша мағыналық ақпараты бар жадынамалар таратылды.

 

 

Жамбыл облысы

Әділет департаментінің

Баспасөз қызметі