-A A +A

Тараз қалалық Әділет басқармасымен 2017 жылдың жұмысы қорытындыланды

2018 жылдың 9 қаңтарында Тараз қалалық Әділет басқармасымен кеңейтілген аппараттық жиналыс отырысында басқарманың 2017 жылдың жұмысы қорытындыланды.

Тараз қалалық Әділет басқармасының заңды тұлғалары тіркеу бөлімінің бас маманы, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бөлімінің басшысы баяндама жасады. Жұмыстағы міндеттер мен басым бағыттар туралы айтылды.

Жұмысты жетілдіру үшін Әділет басқармасының басшысы тіркеушілерді оқыту бойынша нұсқаулар берді, апта сайын мемлекеттік білім беру бағдарламасына, сондай-ақ мемлекеттік  деректер базасына дұрыс енгізілу бойынша тренингтер өткізу үшін «ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамының бағдармасымен бірлесіп, сатып алу құжаттарында көрсетілген заңды тұлғалар жылжымайтын мүлік тіркелімінің мемлекеттік деректер базасына дұрыс енгізу туралы оқытуды жүргізу туралы айтылды.

 

 

Жамбыл облысы

Әділет департаментінің

Баспасөз қызметі