-A A +A

Тараз қалалық Әділет басқармасымен азаматтарды қоғамдық қабылдау өткізілді

2017 жылдың 11 шілдесінде Тараз қалалық Әділет басқармасымен «Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалымен бірлесіп «Т.И.Батуров атындағы Жамбыл ГРЭС» АҚ мекемесінде семинар-кеңес өткізілді.

Әділет басқарманың жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бөлімінің басшысы мекеме жұмысшыларына қоғамдық қабылдау жүргізді.

Қоғамдық қабылдау өткізудің мақсаты – азаматтардың құқықтық мәдениетін жоғарылату, халықтың көкейінде жүрген сұрақтарына тегін заң көмегін көрсету және қолданыстағы заңнамалардың нормаларына түсінік беру.

Қабылдау барысында азаматтар үй құрылысына алатын жер телімдерінің алу реті, жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу, жұмысқа орналасу, тіркелмеген тұрғын-үй объектілеріне құқықтарды тіркеу реті сынды көптеген сұрақтарына жауап алды.

 

 

Жамбыл облысы

Әділет департаментінің

Баспасөз қызметі