-A A +A

Тараз қалалық Әділет басқармасымен азаматтарға қоғамдық қабылдау жүргізілді

Тараз қалалық Әділет басқармасы ай сайын «Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалында азаматтарға қоғамдық қабылдау жүргізеді, партия бағдарламалары туралы түсіндіреді.

2017 жылдың 5 шілдесінде Тараз қалалық Әділет басқармасының басшысы Гульнара Кушекова «Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ» бағдарламасы аясында 18 азаматты қабылдады, оның ішінде аз қамтылған отбасынан шыққан, кәмелетке толған төрт азамат «Жасыл Ел Тараз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне аталған бағдарлама бойынша жұмыспен қамтылды.

Қалғандары уақыт талабына сай құрылысшы, слесарь дәнекерлеуші, кран жүргізуші  қажетті мамандықтарына оқуға ниет білдірді.

 

 

Жамбыл облысы

Әділет департаментінің

Баспасөз қызметі