-A A +A

Тараз қалалық Әділет басқармасымен «Даулы мәселелерді шешуде заңнаманың тиімділігі» тақырыбында семинар өткізілді

         

        Бүгінгі таңда ұлттық бәсекелестік тұжырымдамасы кез келген ел дамуының маңызды көрсеткіші болып табылады. Дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің «Даулы мәселелерді шешуде заңнаманың тиімділігі» индикаторы бойынша Тараз қалалық Әділет басқармасы қала тұрғындарының құқықтық білімін арттыру мақсатында өз үлесін қосуда. Атап айтқанда 2017 жылдың 03 шілде күні   «Dauуr n K» ЖШС-де Тараз қалалық Әділет басқармасы «Даулы мәселелерді шешуде заңнаманың тиімділігі» тақырыбында семинар өткізді. Аталған іс-шараға «Dauуr n K» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі басшылығы мен еңбек ұжымы қатысты. Тараз қалалық Әділет басқармасының қызметкерінің баяндамасы тыңдалды, баяндамада сотқа дейінгі даулы сұрақтарды реттеу мен бітімгерлікке келу және медиация рәсімдері туралы айтылды. Кездесу соңында қатысушылар құқық саласы бойынша көптеген сұрақтарына жауап алғаны үшін Тараз қалалық Әділет басқармасына көрсетілген ақпараттық жаңалықтар үшін ризашылықтарын білдірді.   

Жамбыл облысы

Әділет департаментінің

Баспасөз қызметі