-A A +A

Тасөткел ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізілді

2017 жылдың 14 шілдесінде Шу аудандық  Әділет басқармасымен ауылдық округ әкімінің қатысуымен, «Мемлекет  кепілдік берген заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес ауыл тұрғындарына түсіндірме жұмыстары жүргізу мақсатында, Тасөткел ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізілді.

Кездесу барысында 15-ке жуық адамға кеңес берілді. Іс-шара барысында сұрақтар көбінесе жер учаскесіне құқықтарды тіркеу саласы,  мұраға қабылдау, жер кадастры бойынша, заңды тұлғаларды тіркеу саласы бойынша жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ашу, мекен жайын ауыстыруы  туралы мәліметтері бойынша біршама сұрақтар қойылды. Сұрақтар барысында ауыл тұрғындарына  тиісті жауаптар берілді.

 

 

Жамбыл облысы

Әділет департаментінің

Баспасөз қызметі