-A A +A

Т.Рысқұлов аудандық Әділет басқармасы орта кәсіпкерлік субъектісінің өкілдерімен кездесу өткізді

2018 жылдың 12 қаңтарында Т.Рысқұлов аудандық Әділет басқармасы орта кәсіпкерлік субъектісінің өкілдері «Жарық-Құрылыс Компания» ЖШС-нің қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Іс-шараның басты мақсаты – «Медиация туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын және талап арызды сотта ерікті түрде реттеу жолдарына түсіндіру мен насихаттау болып табылды.

Іс-шара барысында Әділет басқармасының қызметкерлері Медиация мен аппеляциялық сатыда талап қоюшымен өз-ара келісуге бағытталған заң нормаларына байланысты сұрақтарын жан-жақты түсіндірді.

Кездесу соңында пікір алмасу ұйымдастырылып, тақырып бойынша қозғалған сұрақтарға қолданыстағы Заңнама бойынша жауаптар берілді.

 

 

Жамбыл облысы

Әділет департаментінің

Баспасөз қызметі