-A A +A

Жамбыл аудандық Әділет басқармасы Дүниежүзілік экономикалық форумының жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің рейтингтерін түсіндіру жөнінде кездесу өткізді

        

           2017 жылдың 1 шілдесінде Жамбыл аудандық Әділет басқармасының қызметкерлері, Жамбыл ауданы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлерімен Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» және Дүниежүзілік экономикалық форумының жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің рейтингтерінде Қазақстанның ұстанымдарын жақсарту, Әділет органдарының негізгі бағыттары: оның ішінде заңды тұлғаларды тіркеу, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу салаларының орындалу тәртібі туралы  кездесу өткізді.  

           Осыған орай, Жамбыл аудандық Әділет басқармасының қызметкерлері заңды тұлғаларды тіркеу және жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу тәртіптері туралы түсіндірді. Сонымен қатар, Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілігі индексінің көрсеткіштерін және Дүниежүзі банкінің «Doing Business»  рейтингі көрсеткіштерін жақсарту мақсатында, Әділет органдарының атқарып жатқан жұмыстарына тоқтала кетті. Сондай – ақ, кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасауға арналған жұмыстары бойынша түсініктемелер берді.

            Басқосу қатысушылары тақырып төңірегінде өзара ашық ой-пікір алмасуымен аяқталды.

Жамбыл облысы

Әділет департаментінің

баспасөз қызметі