-A A +A

Жамбыл аудандық Әділет басқармасымен халыққа құқықтық көмек көрсетілді

2017 жылдың 10 шілдесінде Жамбыл аудандық Әділет басқармасымен Халыққа қызмет көрсету орталығында, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шараны өткізу барысында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен дайындалған «Даулы мәселелерді шешудегі заңнаманың тиімділігі», «Арбитраж Қазақстанда», «Өз құқығыңды қорға», «Өз еркімен татуласу», «Тұрғын үйді меншік құқығына тіркеу», «Мұрағарлікке тіркеу кезінде не білу қажет», «Жылжымайтын мүлікті сатып алу кезінде не білу қажет», «Ипотека рәсімдеу кезінде баспанадан айырылып қалмау үшін не білу қажет» атты жадынамалар таратылды.

 

 

Жамбыл облысы

Әділет департаментінің

Баспасөз қызметі