-A A +A

Жамбыл облысы Әділет департаменті «Әдеп кодексі талабының сақталуы – қазіргі заман талабы» тақырыбында семинар өткізді

2017 жылдың 2 қарашасында Жамбыл облысы Әділет департаменті «Сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтармен қылмыстарға қарсы іс-қимылдағы кейбір мәселелер туралы» және «Әдеп кодексі талабының сақталуы – қазіргі заман талабы» тақырыбында семинар-кеңес өткізді.

Аталған іс-шараға «Нұр Отан» партиясының Жамбыл облыстық филиалы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ұлттық бюросы Жамбыл облысы бойынша департаменті, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің өкілдері, Жамбыл облысы Әділет департаментінің аудандық /қалалық/ Әділет басқармалары мен сот актілерін орындау бойынша аумақтық бөлімдерінің қызметкерлері, БАҚ-ның өкілдері қатысты.

 

 

Жамбыл облысы

Әділет департаментінің

Баспасөз қызметі