-A A +A

Жамбыл облысы Әділет департаменті Әділет органдарының Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өткізді

2017 жылдың 22 желтоқсанында Жамбыл облысы Әділет департаментінде департамент басшысының м.а. Д.Дайрабаевтың төрағалығымен Жамбыл облысы Әділет органдарының Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өткізілді.

Үйлестіру кеңесінің жұмысына Жамбыл облысы бойынша Сот сараптамалары институтының, Жамбыл аймақтық құқықтық ақпарат орталығының, Жамбыл облысы бойынша нотариустарының, адвокаттарының, жеке сот орындаушыларының, бағалаушыларының қауымдастықтарының басшылары қатысты.

Күн тәртібіне сәйкес нормативтік құқықтық актілерді рәсімдеу сапасына, ұсынылу мерзімдеріне сонымен қатар, жоюға қойылған нормативтік құқықтық актілерге мониторинг қорытындысы, жеке сот орындаушылармен атқарылған жұмыстарына жасалынған талдау нәтижесі,  Жамбыл облысы бойынша Сот сараптамалар Институтымен атқарылған жұмысын қорытындылап, туындаған өзекті мәселелері қарастырылды.

Отырыстың қорытындысы бойынша үйлестіру кеңесінің 2018 жылдың 1 тоқсанына арналған жұмыс жоспарының жобасы талқыланып, бекітілді.

 

 

Жамбыл облысы

Әділет департаментінің

Баспасөз қызметі