-A A +A

Жамбыл облысы Әділет департаменті «Hyundai wacortec life» ЖШС Жамбыл филиалының қызметкерлері арасында дәрістер өткізді

2017 жылдың 25 желтоқсанда Жамбыл облысы Әділет департаментінің жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу жұмысын ұйымдастыру бөлімінің  бас мамандары «Hyundai wacortec life» ЖШС Жамбыл филиалының қызметкерлері арасында «Азаматтыққа және қазақстандық патриотизмге, Конституцияға, заңдарға және Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне құрметті қалыптастыру» және «Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингінде Қазақстанның позициясын жақсарту мақсатында Әділет органдарымен атқарылған жұмыстары туралы» тақырыптарында дәрістер оқыды.

Кездесу барысында филиал қызметкерлері тарапынан қойылған сұрақтары талқыланып, тиісті жауаптар берілді.

 

 

Жамбыл облысы

Әділет департаментінің

Баспасөз қызметі