-A A +A

Жамбыл облысы Әділет департаменті құқық иеленушілер мен кәсіпкерлер үшін ашық есік күнін өткізді

2017 жылдың 4 желтоқсанында Жамбыл облысы Әділет департаменті Ішкі істер депертаменті және Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп зияткерлік меншік саласындағы қызығушылық туғызған мәселелері бойынша құқық иеленушілер мен өзінің қызметінде зияткерлік меншік нысандарын қолданатын кәсіпкерлер үшін ашық есік күнін өткізді.

Осы  іс-шараның мақсаты – халық арасында зияткерлік меншік саласындағы құқықтық сауаттылықты арттыру болып табылды.

Іс-шара барысында зияткерлік меншік саласындағы қолданыстағы заңнамалар, атап айтқанда өнеркәсіптік меншік объектілеріне қорғау құжатын алу, туындыларға құқықтарды тіркеу тәртібі, бөтен тауар таңбасын және авторлық құқықпен қорғалатын туындыларды заңсыз қолданғандағы жауапкершілік түсіндірілді.

 

 

Жамбл облысы

Әділет департаментінің

Баспасөз қызметі