-A A +A

Жамбыл облысы Әділет департаменті «Құқық қорғау қызметінің процестік негіздерін жаңғырту» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді

2017 жылдың 13 қарашада Жамбыл облысы Әділет департаменті облыстық соттардың, құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен «Құқық қорғау қызметінің процестік негіздерін жаңғырту» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелдің басты мақсаты – «Құқық қорғау қызметін процестік негіздерін жаңғырту сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын, ҚПК, «Жедел-iздестiру қызметi туралы», «Прокуратура туралы» ҚР заңдарына өзгерістер мен толықтыруларды талқылау.

Дөңгелек үстел барысында Қазақстан Республикасы Қылмыстық процессуалдық кодексіне енгізіліп жатқан өзгерістер мен толықтырулар талқыланды. Сондай-ақ, Жамбыл облыстық сотының судьясы М.Д.Атибековтың және №1 заң консультациясының меңгерушісі Т.А.Сералиевтың «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам модернизации процессуальных основ правоохранительной деятельнойти» атты тақырыпта баяндамалары тындалды.

Сонымен қатар, дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қатысушылардың қылмыстық процессуалдық кодексіне енгізіліп жатқан өзгерістер мен толықтыруларға қатысты ұсыныстар тыңдалды.

 

 

Жамбыл облысы

Әділет департаментінің

Баспасөз қызметі