-A A +A

Жамбыл облысы Әділет департаменті «Террористік қауіп қатер және мемлекеттік мекемелердегі төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдар туралы» тақырыбында семинар өткізді

 

2017 жылдың 7 қарашасында Жамбыл облысы Әділет департаменті департамент басшысының м.а. Д.Ж.Дайрабаевтың төрағалығымен Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы, азаматтық қорғау майоры Қ.Б.Оразбаевтың қатысуымен сенинар-кеңес өткізді.

Семинар-кеңес барысында террористік қауіп қатер және мемлекеттік мекемелердегі төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдар туралы баяндамалар мекеме қызметкерлерінің назарына ұсынылды.

Семинар қорытындысы бойынша қатысушылардың сұрақтарына толық көлемде жауаптар беріліп, ведиороликтермен жалпы түсіндіру сабақтары жүргізілді.

 

 

Жамбыл облысы

Әділет департаментінің

Баспасөз қызметі