-A A +A

Жамбыл облысы Әділет департаментінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне орайластырылған салтанатты жиын өткізілді

2017 жылдың 15 желтоқсанында Жамбыл облысы Әділет департаментінде департамент қызметкерлерінің, Жамбыл облысы әкімдігінің, Жамбыл облысы қауымдастықтары өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне орайластырылған салтанатты жиын өткізілді.

Жиын барысында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні туралы баяндама жасалынып, слайд пен бейнебаяндар ұсынылды.

Сонымен қатар, атаулы күнге орай Әділет органдарының ардагерлеріне сый кұрмет көрсетіліп, әділет органдарының дамуына қосқан үлесі мен мүлтіксіз қызметі үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрінің грамоталары мен төс белгілері тапсырылды және «Қазақстан заңгерлер одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің дамуына өз үлестерін қосқан бірлестік мүшелеріне грамоталар ұсынылды.

 

 

Жамбыл облысы

Әділет департаментінің

Баспасөз қызметі