-A A +A

Жамбыл облысында «Әділет кеңес береді» атты акциясы өткізілді

 

2017 жылдың 9 қарашасында Жамбыл облысы Әділет департаменті «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалымен бірлесіп кезекті «Әділет кеңес береді» атты республикалық акциясын өткізді.

Сонымен, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының ғимаратында қоғамдық қабылдау жүргізілді.

Құқықтық түсіндіру жұмысына Жамбыл облысы Әділет департаментінің, Тараз қалалық Әділет басқармасының, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының қызметкерлері, нотариус, адвокат және сот орындаушы қатысты.

Аталған іс-шараның мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мен құқықтық кеңес беру. Акцияның шеңберінде барлық өтініш білдірген азаматтарға құқықтық көмек көрсетілді.

Акция нәтижесінде, өмірлік іс-әрекеттің әр түрлі салалары бойынша азаматтарды толғандырған көптеген сұрақтар шешілді. Атап айтқанда, алимент өндіру процесі, жылжымайтын мүлікке мәмілілерді жасау, тегін адвокаттық көмек көрсету және т.б. сұрақтар.

 

 

Жамбыл облысы

Әділет департаментінің

Баспасөз қызметі