-A A +A

Жанаарық ауылдық округінің тұрғындарымен «Мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы» атты тақырыпта кездесу өткізілді

2017 жылдың 11 шілдесінде Сарысу аудандық Әділет басқармасымен, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мен құқықтық кеңес беру  мақсатында, мемлекеттік сот орындаушы, нотариустың қатысуымен Жанаарық ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізілді.

Ұйымдастырылған іс-шараның барысында ауыл азаматтары әр-түрлі құқықтық сұрақтармен келді, нақтырақ айтқанда жылжымайтын мүлікке құқықтарды заңдастыру, борышкерлер алименттік міндеттерді атқармауы, мұраны қабылдау мерзімі туралы тағы да басқа сұрақтармен жүгінді.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауын және Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексіндегі Қазақстан көрсеткіштері туралы түсініктемелер берілді.

Іс-шараның қортындысы бойынша ауыл азаматтары алғыстарын білдіре отырып, тегін құқықтық көмектің маңызы зор екендігін, сонымен қатар, қатысушылар осындай іс-шаралар арқылы қарапайым халықты назардан тыс қалдырмайтындығын атап өтті.

 

 

Жамбыл облысы

Әділет департаментінің

Баспасөз қызметі