-A A +A

Жеке және мемлекет сот орындаушыларына алимент өндіру санатындағы практикалық және құқықтық көмек көрсету үшін Жамбыл облысының Қордай ауданына шығу ұйымдастырылды

Атқарушылық құжаттардың орындалуының басты бөлігі кәмелет жасқа толмаған балалардың пайдасына алимент өндіру санатындағы атқарушылық құжаттарына аса көңіл бөлінген. Дегенімен, 2016 жылы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен «Алимент. алимент төлемеуге қарсы 30 қадам» жоспары құрылған.

Жоспардың мақсаты – уәкілетті органдардың өзара іс-қимылының алгоритмін әзірлеу және бекіту, алименттерді өндіріп алу тәртібін жақсарту үшін жаңа әдістер енгізу, қаралып отырған санаттағы атқару құжаттарын тиімді орындау үшін заңды және қалыптасқан жағдайды өзгерту сияқты тапсырмаларды шешу жолымен алименттерді өндіріп алудың тиімді жүйесін құру болды.

Осыған орай, Әділет Департаментімен «Алимент. алимент төлемеуге қарсы 30 қадам» жоспарына қатысты 2017 жылға арналған медиа-жоспар әзірленген. Медиа-планның басты бағыты сот орындаушыларына алимент өндіру санатындағы практикалық және құқықтық көмек көрсету үшін  Жамбыл облысының аудандарына шығу.

2017 жылдың 24 қазанында Қордай ауданының әкімшілігінде жеке және мемлекеттік сот орындаушыларымен Департамент тарапынан құрылған және департаменті басшысының орынбасары Ш.Айнақұловтың басқаруымен мобильдік топ кездесу өткізді. Топтың құрамында Әділет департаментінің, Жамбыл облысы прокуратурасының, құқықтық статистика және арнайы есепке алу басқармасының, Жамбыл облысы ішкі істер департаментінің, Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы, Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясының, ІІД Әкімшілік полиция басқармасының, ІІД Көші-қон полиция басқармасының, ІІД Жергілікті полиция қызметінің, жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының қызметкерлері қатысты.

Кездесу барысында, Қордай ауданының ІІБ-не іздеуде жүрген борышкерлерді табуды күшейту туралы тапсырма берілді. Ал, Қордай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жұмыссыз жүрген борышкерлерді жұмысқа орналастыруын қолға алуына тапсырма берілді.

 

 

Жамбыл облысы

Әділет департаментінің

Баспасөз қызметі