-A A +A

Жеке және мемлекет сот орындаушыларына алимент өндіру санатындағы практикалық және құқықтық көмек көрсету үшін Жамбыл облысының Т. Рысқұлов ауданына шығу ұйымдастырылды

 

2017 жылдың 8 қарашасында Жамбыл облысы Әділет департаменті Т.Рысқұлов ауданының әкімшілігінде жеке және мемлекеттік сот орындаушыларымен Әділет департаменті басшысының орынбасары Ш.Айнақұловтың басқаруымен мобильдік топ құрап, кездесу өткізді. Топтың құрамына Әділет департаментінің, Жамбыл облысы прокуратурасының, құқықтық статистика және арнайы есепке алу басқармасының, Жамбыл облысы ішкі істер департаментінің, Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы, Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясының, ІІД Әкімшілік полиция басқармасының, ІІД Көші-қон полиция басқармасының, ІІД Жергілікті полиция қызметінің, жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының қызметкерлері кірді.

Кездесу барысында, Т.Рысқұлов ауданының ІІБ-не іздеуде жүрген борышкерлерді табуды күшейту туралы тапсырма берілді, Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жұмыссыз жүрген борышкерлерді жұмысқа орналастыруын қолға алуына тапсырма берілді.

 

 

Жамбыл облысы

Әділет департаментінің

Баспасөз қызметі