-A A +A

Жеке және мемлекет сот орындаушыларына практикалық және құқықтық көмек көрсету үшін Жамбыл облысының Меркі ауданына шығу ұйымдастырылды

Атқарушылық құжаттардың орындалуының басты бөлігі кәмелет жасқа толмаған балалардың пайдасына алимент өндіру санатындағы атқарушылық құжаттарына аса көңіл бөлінген. Дегенімен, 2016 жылы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен «Алимент. алимент төлемеуге қарсы 30 қадам» жоспары құрылған.

Жоспардың мақсаты – уәкілетті органдардың өзара іс-қимылының алгоритмін әзірлеу және бекіту, алименттерді өндіріп алу тәртібін жақсарту үшін жаңа әдістер енгізу, қаралып отырған санаттағы атқару құжаттарын тиімді орындау үшін заңды және қалыптасқан жағдайды өзгерту сияқты тапсырмаларды шешу жолымен алименттерді өндіріп алудың тиімді жүйесін құру болды.

Осыған орай, 2017 жылдың 27 қазанында Меркі ауданының әкімшілігінде жеке және мемлекеттік сот орындаушыларымен, Департамент тарапынан құрылған және Әділет департаменті басшысының орынбасары Ш.Айнақұловтың басқаруымен мобильдік топ кездесу өткізді. Топтың құрамына Әділет департаментінің, Жамбыл облысы прокуратурасының, құқықтық статистика және арнайы есепке алу басқармасының, Жамбыл облысы ішкі істер департаментінің, Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы, Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясының, ІІД Әкімшілік полиция басқармасының, ІІД Көші-қон полиция басқармасының, ІІД Жергілікті полиция қызметінің, жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының қызметкерлері кірді.

Кездесу барысында, Меркі ауданы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жұмыссыз жүрген борышкерлерді жұмысқа орналастыруын қолға алуына тапсырма берілді.

 

 

Жамбыл облысы

Әділет департаментінің

Баспасөз қызметі