-A A +A

«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу» Ережесін талқылау бойынша семинар-кеңес өткізілді

2017 жылдың 12 шілдесінде Жамбыл облысы Әділет департаментінде Құқықтық статистикасы және арнайы есепке алу жөнінідегі комитетінің Жамбыл облысы бойынша басқармасының аға прокуроры Қ.Қ.Жақыбаевтың қатысуымен, барлық аудандық (қалалық) Әділет басқармалары мен сот актілерін орындау бойынша қалалық (аудандық) аумақтық бөлімдерінің қызметкерлері арасында «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу» Ережесін, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы», «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидасы», «Ведомстволық мұрағаттар жұмысын ұйымдастыру» Заңдарын және ЭҚАБЖ-та (электронды құжат айналымның біріңғай жүйесі) жұмыс туралы сұрақтарын талқылау бойынша семинар-кеңес өткізілді.

Семинарда «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына енгізілген өзгерістер туралы баяндама жасалды.

 

 

Жамбыл облысы

Әділет департаментінің

Баспасөз қызметі