-A A +A

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды электронды тіркеу сұрақтары бойынша дөңгелек үстел өткізілді

2017 жылдың 4 шілдесінде Сарысу аудандық Әділет басқармасымен жеке нотариустардың және жергілікті атқарушы органдардың нотариалдық іс-әрекеттер жасайтын лауазымды тұлғалардың қатысуымен жылжымайтын мүлікке құқықтарды электронды тіркеу сұрақтары бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел барысында электронды тіркеу барысында құжаттардың тәртібі және электрондық тіркеуден бас тарту немесе тоқтата тұру бойынша сұрақтар талқыланды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауында атап өткен бағыттарына еркекше назар аударылды.

 

 

Жамбыл облысы

Әділет департаментінің

Баспасөз қызметі